Михал Билек талдау жасап, қорытынды шығаруға асықпайды

Михал Билек талдау жасап, қорытынды шығаруға асықпайды

20 шілде, 17:00
Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек ел чемпионаты мен ұлттық құраманың ойындары туралы көзқарасын ортаға салды.

Михал Билек мәлімдемесінен оның нақты позициясын көруге болады. Бас бапкер кей жағдайларға алаңдаушылық білдіреді. Сонымен қатар, оң көзқарасын да жоғатлқан емес.

 «Өкінішке қарай, пандемия өміріміздегі барлық салаға араласып, біз оның ықпалында қалуға мәжбүрміз. Оның ішінде футбол да зардап шекті. Маусымдық жарыстарға кері әсерін тигізді. Суперкубок пен ұлттық біріншіліктің үш турының ойындары жарыстың аз ғана бөлігі. Барлық команда оқу-жаттығу жиынының орнын толтырып, қайтадан бой үйретуі керек.

Жарысқа қатысушылар үшін басты мәселенің бірі – жарыстың қашан қайта жалғасатынының белгісіз болуы. Командалардың барлығы дайындықтарын жүргізіп жатыр. Турнир болмаған соң футболдың мәні болмайды. Сол себепті осы кезең физикалық және психологиялық тұрғыдан ауыр. Алайда, ойыншылар мен бапкерлер үміт отын үзген емес.

Пандемияға қатысты елдегі жағдай тұрақталып, карантин аяқталады деп сенеміз. Сырқатқа шалдыққандар жазылып шығады деп үміттенеміз. Әр азаматтың денсаулығы жақсарғаннан кейін оң өзгерістер болады. Денсаулық бәріміз де біреу ғана. Жеңіл ойланбай, санитариялық-эпидемиологиялық ережелер мен хаттамаларды қатаң сақтау қажет екенін қолдаймын. Дәрігерлердің кеңестеріне мұқият құлақ асқан жөн.

Пандемия ықпалы халықаралық күнтізбеге де әсер етті. УЕФА Еуропа Чемпионатын шегерді. Еурокубок пен құрлықтық іріктеу турнирлерінің мерзімдері жылжыды.  Кейбір ойындар мен турнирлер өткізілейтін болды. Қазақстан құрамасы да екі жолдастық ойынын өткізген жоқ. Мұның бәрі оқу-жаттығу процесіне кері әсер еткені анық. Алайда, болашақа оң көзбен қараймыз.

Жоспар бойынша күз айларында УЕФА Ұлттар Лигасының іріктеу ойындарына қатысамыз. Сонымен қатар, УЕФА-ның бекітілген кестесі бойынша Черногория құрамасымен жолдастық ойын өткіземіз. Жарыс күнтізбесі өте тығыз.  Қазақстандық командалар үшін басты мәселелердің бірі – ұзақ жол, уақыт айырмашылығы және жергілікті климатқа бой үйрету. Дегенмен, қиындықтарды артқа тастай аламыз. Жолдастық ойын ұлттық құрамаға үміткер ойыншылардың мүмкіндіктерін бағалауға септігін тигізеді. Жолдастық ойын команданың жұмысын әрі қарай жетілдіруге көмек болмақ.

Ұлттық құраманың жаттықтырушылар штабы Ұлттар Лигасындағы қарсыластардың әлеуетін толық зерттей алды деп сеніммен айта аламын.  Бірақ, жаңа ақпараттарды іздеу жұмыстарын жалғастырып жатырмыз. Черногория құрамасы туралы да ақпараттар бар. Ең бастысы Қазақстан Чемпионатын қайта жалғастыру арқылы жағдайды жақсартуға тырысамыз. Халықаралық ойындар алдында ойын тәжірибесінің маңызы зор. Жарыс жалғасып, ойыншылар бабына енгеннен кейін алға қойылған міндеттер туралы сөз қозғауға болады. Қазіргі уақытта болжам жасап, қорытынды шығару қисынға келмейді», - деп қорытындылады Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Билек.

Бөлісу
Жоғары