Қақпашылардың шеберлігін арттыру

Қақпашылардың шеберлігін арттыру

09 тамыз, 12:30
Қазақстандық қақпашыларды дайындайтын бапкерлерге арналған УЕФА вебинары жалғасын тапты.

Оқу процесін Чехословакия құрамасының бұрынғы қақпашысы, қазіргі таңда УЕФА маманы Александр Венцель жүргізді.

Вебинарға Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығының нұсқаушылары мен танымал отандық жаттықтырушылар қатысты.

Алдағы уақытта «Goalkeeper-В» санатының үміткерлеріне арналған білім беру бағдарламасының үш модулі өтеді. Оқу процесін тәмамдағандар «Goalkeeper-А» категориясына түсуге мүмкіндік алады.

Қақпашылардың вебинарына 24 тыңдаушы жиналды.

Күн тәртібінде қатысушылар стандартты жағдайлар кезінде қарсыластарға қарсы тұрудың жаңа амалдарымен танысты. Атап айтқанда, «қабырға» орнату, айып және бұрыштама соққыларына тойтарыс беру туралы егжей-тегжейлі айтылды.

- Қақпашылардың дайындығына кәсіпқойлықпен қарау керек. Позицияны дұрыс таңдау, стандартты жағдайда қауіптің бетін қайтару мәселелері бар. Өйткені, әрбір төртінші гол стандарттан соғылады. Бапкерлер үнемі «үй тапсырмасымен» жұмыс істейді. Қақпашыларды жаттықтыратын бапкерлердің мақсаты – барлық сынаққа толық дайындау.  Ойынның жылдамдығын тоқтатпау үшін қақпашылардың қимылы шектелгенін айта кеткен жөн. Мәселен, бірінші пастан кейін қақпашылар допты қолға ала алмайды және пенальтиден соққы жасағанға дейін қақпа сызығынан шықпауы тиіс. Жоғары технологияларды қолдану арқылы доптың ұшу траекториялары өзгеріп, жылдамдығы арта түсті. Айып соққылары мен бұрыштамадан берілетін доптардың да әдістері өзгерді. Өзгерістердің барлығы қақпашыларға қиындық тудырды. Вебинар қақпашыларға көмектесу үшін ұйымдастырылған, - дейді Қазақстан ұлттық құрамасының қақпашыларының жаттықтырушысы әрі Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығының нұсқаушысы Николай Родионов.

 

Бөлісу
Жоғары