«Talent Development - Football Ecosystem Analysis» бағдарламасы жүзеге асырылуда

«Talent Development - Football Ecosystem Analysis» бағдарламасы жүзеге асырылуда

27 тамыз 2020, 18:30
Ауқымды жобаның жетекшісі - әлемге әйгілі бапкер және ФИФА өкілі Арсен Венгер.

Бағдарлама ФИФА-ның ұлттық қауымдастықтарды қолдау шеңберінде жүзеге асырылады және талантты жастардың дамуына қолайлы жағдай жасауды көздейді.

Қазіргі уақытта жергілікті жерлерден ақпаратты жинау және талдау аяқталады. Әрі қарай ФИФА мамандары әр мемлекетке жеке ұсыныстар жасап, ынтымақтастық картасын әзірлейді.

ФИФА ұсынған бағдарламаны халықаралық деңгейде танылған Double Pass компаниясы жүзеге асыруға көмектеседі.

«Жоба толыққанды жүзеге асырылып жатыр. Double Pass компаниясы таңдалған мектептердегі жағдайды талдаудың алғашқы нәтижелерін шығара бастады. ФИФА нұсқаушылары, Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының мамандары атсалысуда», - деді ҚФФ Техникалық орталығының директоры Иван Азовский.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары