Қазақстан футбол федерациясының президенті отандық командалардың Еуропа Лигасындағы ойындарын қорытындылады

Қазақстан футбол федерациясының президенті отандық командалардың Еуропа Лигасындағы ойындарын қорытындылады

27 тамыз 2020, 23:00
Бүгін құрлық турнирінің жаңа маусымында қазақстандық клубтар алғашқы ойынын өткізді.

Әділбек Жақсыбеков қазақстандық командалардың жасыл алаңдағы ынта-жігеріне жоғары баға берді.

«Алматылық «Қайрат» пен армениялық «Ноа» арасындағы ойын жақсы әсер қалдырды.

Алматылық футболшылар жақсы ойын көрсетіп, табысқа кенелді.

«Қайраттың» жетістігі әрі қарай турнирдің топтық кезеңі үшін жарысты жалғастыруға көмектеседі деп сенемін.

«Ордабасы» футболшылары да шеберлігін көрсетуге ұмтылды. Алайда, олардың қарсыласы оңай болған жоқ.

Румынияның «Ботошани» командасы әжептәуір қарсылық көрсетті. Шымкенттік футболшылар да келесі кезеңге шығуға жақын еді. Алайда, қонақтардың жолы болды.

«Ордабасы» халықаралық ойын арқылы шеберлігін ұштап, тәжірибесін жинақтай түсті.

УЕФА Еуропа Лигасында «Астана», «Қайрат» және алғаш рет сынға түсетін қызылордалық «Қайсарға» сәттілік тілеймін!

Алға, Қазақстан! Алға, футбол!»

 

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков

 

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары