ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбеков ұлттық құраманың ойыншылары мен бапкерлеріне үндеу жасады

ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбеков ұлттық құраманың ойыншылары мен бапкерлеріне үндеу жасады

04 қыркүйек 2020, 15:00
Қазақстан футбол федерациясының басшысы Әділбек Жақсыбеков УЕФА Ұлттар Лигасының ойындары қарсаңында ұлттық құраманың дайындығы мен қорытынды нәтижеге қатысты сұрақтарды қозғады.

Қазақстан құрамасының ойыншыларымен өткен кездесу онлайн форматта ұйымдастырылды.

Жиынға Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Азамат Айтқожин да қатысты.

Қазақстан футбол федерациясының президенті команданың көңіл-күй жоғары екеніне сенім білдірді.

«Көптеген елдерде толық дайындық жүргізуге пандемия кедергі келтірді. Қазақстадық футболшылардың дайындығына да кері әсерін тигізгені анық.

Қазақстан құрамасының кездеулері алдында футболшылардың ойын тәжірибелері азайды.

Дегенмен ел чемпионатының жалғасуы көптеген мәселелерді шеше алды. Қазақстан футбол федерациясы оқу-жаттығу жиынын сапалы ұйымдастырып, барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз ете алды.

Қазақстан құрамасы сауатты әрі тәртіпті ойын көрсетіп, әлеуетін толық көрсете алады деп үміттенемін.                                           

Өткен іріктеу кезеңінде ұлттық құраманың алпауыт қарсыластарымен лайықты ойнап, жеңіске жете алатынын жанкүйерлер де байқады.

УЕФА Ұлттар Лигасының алдағы ойындары тартысқа толы болмақ. Қазақстан құрамасы жанкүйерлеріне қуаныш сыйлау үшін жаңа белестерді бағындыруға дайын.

Ақ жол!

Сәттілік пен тұрақтылық, жаңа жарқын жеңістер тілеймін!»

 

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділбек Жақсыбеков

 

Бөлісу
Жоғары