Литва - Қазақстан: матч алдындағы баспасөз мәслихаты (Видео)

Литва - Қазақстан: матч алдындағы баспасөз мәслихаты (Видео)

03 қыркүйек 2020, 23:30
Литва және Қазақстан құрамаларының бас бапкерлері және ойыншыларының қатысуымен матч алдындағы баспасөз мәслихаты өтті.

Михал Билек, Қазақстан құрамасының бас бапкері:

- Қазақстан құрамасы биыл бірде-бір ойын өткізген жоқ. Футболшылар чемпионатта аз ойнады. Алайда, команданың көңіл-күйі жақсы. Ойыншылар жақсылап жаттығу жүргізді. Жақсы ойын көрсетеміз деп үміттенемін. Өткен маусымда Қазақстан құрамасы Бельгия, Шотландия және Ресейге лайықты қарсылық көрсетті. Сол ойындарды қайталау керек. Екі команда да жеңіске жетуді қалайды.

 

Ян Вороговский, Қазақстан құрамасының қорғаушысы:

- Литва - мығым қарсылас. Жақсы чемпионаттарда ойнаған футболшылары бар. Қазақстан чемпионатында да доп тебетін ойыншылар бар. Қарсыласқа қарсы тактикалық және физикалық дайындық жүргіздік. Жақсы ойын көрсетуге дайынбыз.

 

Валдас Урбонас, Литва құрамасының бас бапкері:

- Ойынды асыға күтіп жүрміз. Жиынның үш күнін қарқынды өткіздік. Жеңіске жетуді қалаймыз. Алайда, қарсыласты құрметтейміз. Ең жоғары міндет - топтан бірінші орын алу. ал, төменгі тапсырма - С дивизионында қалу. Жанкүйерлерді жоқтығы алғашқы бес минутта байқалуы мүмкін. Әрі қарай ойымыз ойынға ауысады. Футболшыларым жанкүйерлерге қуаныш сыйлауға дайын.

 

Саулюс Миколюнас, Литва құрамасының қорғаушысы:

- Өз алаңымызда жол бергіміз келмейді. Біздің топтағы қарсыластардың деңгейі бірдей деп ойлаймын. Ойын кімнің мықты екенін айтады. «Жальгирис» сапында жүріп еурокубок ойынында «Астанаға» қарсы ойнадық.  Сол ойыннан бастап қазақ футболымен таныспын.

 

Литва - Қазақстан матчы 4 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 22:00-де басталады. Кездесуді «Qazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Бөлісу
Жоғары