Қазақстан әйелдер құрамасының Австрияға қарсы құрамы

Қазақстан әйелдер құрамасының Австрияға қарсы құрамы

20 қыркүйек, 07:30
Жаттықтырушылар штабы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіне шақырылған ойыншылардың тізімін жариялады.

Футболдан әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты аяқталған соң Иван Азовский шәкірттері оқу-жаттығу жиынын бастады.

Санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті сақтау шараларына сәйкес, сонымен қатар селекция жұмыстарын тиімді жүргізу үшін ішкі жарыстар мен ұлттық құраманың жиыны бір локацияда ұйымдастырылды.

Оқу-жаттығу жиыны Шымкент қаласында өтеді.

Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Қазақстан мен Австрия құрамалары арасындағы ойынды «Намыс» стадионы қабылдайды.

ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ:

Қақпашылар: Оксана Железняк («БИІК-Қазығұрт»), Назым Исмаилова («Оқжетпес»), Миллана Бурдакова (СДЮСШОР №8);

Қорғаушылар: Әйгерім Айтымова, Жанерке Перме (екеуі де - СДЮСШОР №8), Тоқжан Бекпенбет, Бибігүл Нұрышева, Құндыз Қожахмет  (барлығы - «Оқжетпес»), Екатерина Красюкова, Зулейра Әбішева, Александра Бурова, Екатерина Бабшук, Мария Демидова (барлығы - «БИІК-Қазығұрт»);

Жартылай қорғаушылар: Бегайым Қырғызбаева, Анастасия Власова (екеуі де - «Оқжетпес), Әселхан Тұрлыбекова, Адиля Вылданова, Камила Құлмағамбетова, Карина Жұмабайқызы (барлығы - «БИІК-Қазығұрт»);

Шабуылшылар: Сәуле Кәрібаева («БИІК-Қазығұрт»), Лейла Садықова («Оқжетпес»).

Жаттықтырушылар штабы: Иван Азовский - бас бапкер, Орынбасар Дәуренбекова - бас бапкердің көмекшісі, Ержан Сунақов - қақпашылардың жаттықтырушысы, Ахматхон Искандаров - дәрігер, Евгения Ларина - массажист, Данияр Әнес - менеджер.

 

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі - «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ.

Бөлісу
Жоғары