Тәртіптік-бақылау комитетінің кезекті жиыны өтті

Тәртіптік-бақылау комитетінің кезекті жиыны өтті

29 қыркүйек, 11:00
Қазақстан футбол федерациясының Тәртіптік-бақылау комитетінің кезекті отырысында OLIMPBET-футболдан Қазақстан чемпионатының X және XI турының матчтары, Бірінші лиганың IV тур ойындары бойынша шешімдер қабылданды. 

OLIMPBET-футболдан Қазақстан чемпионаты

X тур

 

«Қайсар» (Қызылорда) - «Астана» (Нұр-Сұлтан)

- Бір матчта бес ойыншысының ескерту алуына байланысты «Қайсар» ФК 100 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

Айыппұл 2020 жылдың 28 қазанына дейін төленуі тиіс. 

Шешім ҚФФ Тәртіптік ережесінің 48-бабының 1-тармағына сәйкес қабылданды.

 

Жетісу (Талдықорған) - Шахтер (Қарағанды)

- Бір матчта жеті ойыншысының ескерту алуына байланысты «Жетісу» ФК 100 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Айыппұл 2020 жылдың 28 қазанына дейін төленуі тиіс. 

Шешім ҚФФ Тәртіптік ережесінің 48-бабының 1-тармағына сәйкес қабылданды.

 

- Бір матчта бес ойыншысының ескерту алуына байланысты «Шахтер» ФК 100 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

Айыппұл 2020 жылдың 28 қазанына дейін төленуі тиіс. 

Шешім ҚФФ Тәртіптік ережесінің 48-бабының 1-тармағына сәйкес қабылданды.


«Ордабасы» (Шымкент) - «Қызыл-Жар» (Петропавл)

- Қарсылас команданың бас жаттықтырушысына қарсы дөрекілік көрсеткені үшін «Ордабасы» ФК бас бапкері Кахабер Цхададзе екі матчқа шеттетілді.

Шешім ҚФФ Тәртіптік ережесінің 53-бабына сәйкес қабылданды және 2020 жылдың 25 қыркүйегінен бастап күшіне енді.

 


ХІ тур

«Тараз» (Тараз) - «Тобыл» (Қостанай)

- Стадионда бетперде кимей, жарыстың медициналық хаттамасын бұзғаны үшін «Тараз» ФК атқарушы директоры Талғат Тұрлыбайұлына 50 АЕК айыппұл салынды.

Айыппұл 2020 жылдың 28 қазанына дейін төленуі тиіс. 

Шешім ҚФФ Тәртіптік ережесінің 66-бабына сәйкес қабылданды.

 

«Астана» (Нұр-Сұлтан) - «Жетісу» (Талдықорған)

- Ойынның ережесін бұзып, 7 легионер қатыстырғаны үшін «Жетісу» ФК 0:3 есебімен техникалық жеңісіл есептеліп, 200 АЕК айыппұл салынды.

Айыппұл 2020 жылдың 28 қазанына дейін төленуі тиіс. 

Шешімдер OLIMPBET-Қазақстан футбол чемпионаты туралы ереженің 5.4 тармағына және ҚФФ Тәртіптік ережелерінің 51 және 25 баптарына сәйкес қабылданды.


- Стадионда бетперде кимей, жарыстың медициналық хаттамасын бұзғаны үшін «Астана» ФК жаттықтырушысы Пол Энтони Эшуортқа 50 АЕК айыппұл салынды.

Айыппұл 2020 жылдың 28 қазанына дейін төленуі тиіс. 

Шешім ҚФФ Тәртіптік ережесінің 66-бабына сәйкес қабылданды.

 
Бірінші лига

IV тур

«Байқоңыр» (Қызылорда) - «Алтай» (Шығыс Қазақстан облысы)

- Қарсыласқа қарсы өте дөрекі ойнағаны үшін «Байқоңыр» командасының ойыншысы Өркен Махан екі матчқа шеттетілді.

Шешім ҚФФ Тәртіптік ережесінің 44-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес қабылданды және 2020 жылдың 25 қыркүйегінде күшіне енді.

 

«Шахтер-Болат» (Теміртау) - СДЮСШОР №8 (Нұр-Сұлтан)

- Бір матчта бес ойыншысының ескерту алуына байланысты «Шахтер» ФК 50 АЕК көлемінде айыппұл төлейді.

Айыппұл 2020 жылдың 28 қазанына дейін төленуі тиіс. 

Шешім ҚФФ Тәртіптік ережесінің 48-бабының 1-тармағына сәйкес қабылданды.


«Оңтүстік академиясы» (Шымкент) - «Атырау» (Атырау)

- Стадионда бетперде кимей, жарыстың медициналық хаттамасын бұзғаны үшін «Атырау» ФК директоры Қонысбай Шпановқа 50 АЕК айыппұл салынды.

Айыппұл 2020 жылдың 28 қазанына дейін төленуі тиіс. 

Шешім ҚФФ Тәртіптік ережесінің 66-бабына сәйкес қабылданды.

 

- Стадионда бетперде кимей, жарыстың медициналық хаттамасын бұзғаны үшін «Атырау» ФК директоры спорт директоры Нұртаза Әбілхановқа 50 АЕК айыппұл салынды.

Айыппұл 2020 жылдың 28 қазанына дейін төленуі тиіс. 

Шешім ҚФФ Тәртіптік ережесінің 66-бабына сәйкес қабылданды.

Бөлісу
Жоғары