Қазақстан жастар құрамасының Испаниядағы жаттығуынан фоторепортаж

Қазақстан жастар құрамасының Испаниядағы жаттығуынан фоторепортаж

12 қазан 2020, 12:30
Ертең Алмас Құлшынбаев шәкірттері алаң иелерімен ойнайды.

Қазақстан мен Испания арасындағы ойын Еуропа чемпионатының іріктеу турнирі аясында өтеді.

Топтың көшбасшыларымен өтетін ойынға жартылай қорғаушы Сұлтанбек Астанов пен қақпашы Мұхаммеджан Сейсен қатыса алмайды.

Covid-19 тапсырған сынағы оң нәтиже көрсеткен алғашқы ойыншы оқшауландырылды.

Екінші ойыншы сол жақ тізе жарақтына байланысты ойнамайды.

Қазақстан жастар құрамасының қатарынан жеті ойыншы шығып қалды.

Бұған дейін жарақатына байланысты жартылай қорғаушылар Рамазан Оразов, Артём Попов және Дамир Марат келе алмаған болатын. Сонымен қатар, өткен ойында алаңнан қуылған қорғаушы Рауан Орынбасар мен шабуылшы Оралхан Өміртаев та кездесуге қатыспайды.

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі - «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

Бөлісу
Жоғары