Владислав Васильев: «Келесі матчтарда жақсы ойын мен оң нәтиже көрсетуге тырысамыз»

Владислав Васильев: «Келесі матчтарда жақсы ойын мен оң нәтиже көрсетуге тырысамыз»

15 қазан, 04:12
Қазақстандық жартылай қорғаушы Владислав Васильев ұлттық құрамадағы дебюті мен Беларусьпен өткен ойынның нәтижесі туралы (0: 2) пікір білдірді.

- Ойын қарқынды әрі қиын болды. Өкінішке қарай, ойында ұпай ала алмадық. Қарсылас пайдалана алатын қателіктер жібердік. Менің ұлттық құрамадаға алғашқы ойыныма келетін болсақ, қарсыластың қандай болғанының айырмашылығы жоқ. Әрине, алғашқы ойында Беларусь құрамасы қарсы болады деп ойламадым. Ұлттық құраманың жейдесімен алаңға шығу абырой. Келесі матчтарда жақсы ойын мен оң нәтиже көрсетіп, жанкүйерлерді қуантуға тырысамыз, - деді Васильев.

 

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі - «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

«OLIMPBET» букмекер кеңсесі - футболдан Қазақстан құрамасының серіктесі

Бөлісу
Жоғары