Қазақстан әйелдер құрамасының Сербияға қарсы құрамы

Қазақстан әйелдер құрамасының Сербияға қарсы құрамы

16 қазан 2020, 19:30
Жаттықтырушылар штабы оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың тізімін жариялады.

Иван Азовский шәкірттерінің оқу-жаттығу жиыны ертең Талғарда басталады.

Қазақстан мен Сербия құрамалары арасындағы ойын Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінің аясында сырт алаңда өтеді.

Кездесу 24 қазанға жоспарланған.

Ойынды Стара-Пазова қаласы қабылдайды.

ФУТБОЛДАН ҚАЗАҚСТАН ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ:

Қақпашылар: Оксана Железняк («БИІК-Қазығұрт»), Ирина Сандалова («Хайаса», Армения), Назым Исмаилова («Оқжетпес»);

Қорғаушылар: Юлия Мясникова (ЦСКА, Ресей), Шохиста Ходжашева («Хаккаригюджю Спор», Түркия), Зулейра Әбішева, Александра Бурова, Мария Демидова (барлығы - «БИІК-Қазығұрт»), Бибігүл Нұрышева, Құндыз Қожахмет (екеуі де - «Оқжетпес»), Жанерке Перме, Камила Совет (екеуі де - №8 БЖМОРСМ);

Жартылай қорғаушылар: Бегайым Қырғызбаева, Анастасия Власова (екеуі де - «Оқжетпес), Әселхан Тұрлыбекова, Адиля Вылданова, Камила Құлмағамбетова, Карина Жұмабайқызы (барлығы - «БИІК-Қазығұрт»);

Шабуылшылар: Сәуле Кәрібаева («БИІК-Қазығұрт»), Тоқжан Бекпенбет, Лейла Садықова (екеуі де - «Оқжетпес»), Фаиза Исмаилова (№8 БЖМОРСМ).

Жаттықтырушылар штабы: Иван Азовский - бас бапкер, Орынбасар Дәуренбекова - бас бапкердің көмекшісі, Александр Убыкин - қақпашылардың жаттықтырушысы, Ахматхон Искандаров - дәрігер, Евгения Ларина - массажист, Данияр Әнес - менеджер, Омар Шукуров - бейнеоператор.

Қазақстан құрамасының негізгі құрамының бірнеше ойыншылары Сербиямен өтетін ойынға қатыса алмайды.

Елордалық №8 БЖМОРСМ командасының қорғушысы Әйгерім Айтымова, «БИІК-Қазығұрт» командасында ойнайтын қорғаушы Екатерина Красюкова мен жартылай қорғаушы Светлана Бортникова жарақаттарынан толық айыққан жоқ.

Ресейді «Зенит» командасында ойнайтын футболшы Аида Гайстенова да алдағы ойында ұлттық құрамаға көмектесе алмайды.

Украинаның «Жилстрой»-2 командасында ойнайтын жартылай қорғаушы Ксения Хайрулина да пандемия салдарынан туындаған логистикалық қиындықтарға байланысты келе алмайды.

Өткен ойында қызыл қағаз алып, алаңнан қуылған Екатерина Бабшук те Сербиямен ойынға қатыспайды.

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі - «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

Бөлісу
Жоғары