Қазақстан футбол федерациясының кезекті XIX конференциясы өтті

Қазақстан футбол федерациясының кезекті XIX конференциясы өтті

22 желтоқсан 2020, 23:00
Форумға ҚФФ басшылығы мен өкілетті өкілдері, сонымен қатар облыстық футбол федерацияларының ресми делегаттары қатысты.

Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша конференцияға қатысушылар Қазақстан футбол федерациясы атқарушы комитеті мен ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбековтің жылдық есептерімен танысты.

Биыл ҚФФ негізгі міндеттері ішкі ресми жарыстар мен іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ ФИФА мен УЕФА аясында өтетін турнирлерге Қазақстан құрамаларының қатысуын қамтамасыз ету болды.

Пандемия кезеңінде Қазақстан аумағында өткен жарыстар мен іс-шаралар құзырлы мемлекеттік органдармен келісіліп, санитариялық-эпидемиологиялық нормаларды қатаң сақтай отырып өткізілді.

Кәсіби командалар арасындағы ішкі ресми турнирлер:

- OLIMPBET-Қазақстан футбол чемпионаты қайта жалғастырылып, бір аймақта ұйымдастырылды;

- Бірінші және Екінші лига командалары арасында футболдан Қазақстан Республикасының чемпионаттары да конференцияға бөлініп, бір локацияда өткізілді;

- әйелдер командалары арасында футболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты бір локацияда өтті;

- Футзалдан 2019-2020 маусымының Қазақстан Республикасының чемпионаты мерзімінен бұрын аяқталып, турнир кестесі бойынша қорытынды шығарылды;

- Футзалдан Қазақстан Республикасы Кубогы ойнатылды;

- Футзалдан 2020-2021 жылғы маусымның Қазақстан Республикасының чемпионаты басталып, бір аймақта өткізіліп жатыр.

- жағажай футболынан Қазақстан Республикасының чемпионаты бір аймақта ұйымдастырылды.

 

Халықаралық ресми турнирлер:

- футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы жеті кездесуге қатысты, оның ішінде УЕФА Ұлттар лигасының алты ойыны және бір жолдастық матч;

- футболдан Қазақстан жастар құрамасы 21 жасқа дейінгі Еуропа Чемпионаты іріктеуінің бес матчына қатысты;

- Қазақстанның әйелдер құрамасы Еуропа чемпионатының төрт іріктеу матчына қатысты;

- Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем Кубогының элиталық іріктеу кезеңінің үш матчына және Еуропа Чемпионаты іріктеуінің топтық кезеңінің бір матчына қатысты.

 

Бұқаралық, жасөспірімдер футболы және футзал:

- УЕФА қолдауымен Түркістан облысында орналасқан №4 Тасарық арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған мамандандырылған футбол алаңын салынып, пайдалануға берілді;

- орта мектеп оқушылары арасында өтетін «Футбол сабағы» білім беру жобасы аясында бағдарламаны қашықтан меңгеруге арналған бейнероликтер шығарылды;

- футзалдан 13 жастан аспайтын жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионатының төрт кезеңі өтті.

- 15 және 17 жастан аспайтан жасөспірімдер арасында футзалдан Қазақстан Республикасы чемпионатының үш кезеңі өтті;

- жасөспрімідер арасында «Арман» және «Жастар» республикалық турнирлері өткізілді;

- 2001 жылдан аспайтын қыздар арасында футболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті;

- 2003 жылдан аспайтын футбол орталықтары мен резервтік академиялар арасында футболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. 2021 жылғы УЕФА Жастар лигасының қазақстандық қатысушысы анықталды;

- футзалдан қыздар арасындағы студенттер лигасының аймақтық кезеңдері өткізілді;

- Әуесқой футзалдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті;

- Ардагерлер арасында футзалдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті;

- УЕФА Аймақтар кубогына қазақстандық қатысушыны анықтау үшін әуесқой футболдан Қазақстан Республикасы чемпионатының шешуші ойыны өтті.

 

Бапкерлер корпусының білімі және біліктілігін арттыру:

ҚФФ УЕФА-ға мүше қауымдастықтардың арасында алғашқылардың бірі болып, инновациялық және халықаралық деңгейде танылған әдіснамаларды қолдана отырып, жаттықтырушылар құрамына пандемия жағдайында оқытуды қайта бастады.

- УЕФА-ның «A Elite Youth» жаттықтырушы санатындағы бесінші, алтыншы және жетінші оқу модульдері басталды;

- УЕФА-ның «С» санатындағы бапкерлерге арналған оқу бағдарламаларының бірінші және екінші модульдері өткізілді;

- УЕФА-ның «B-қақпашысы» жаттықтырушылық санаттағы оқыту бағдарламасының бірінші модулі басталды;

- УЕФА-ның «Pro» бапкерлеріне арналған бірінші модулі басталды;

- ФИФА-ның бастамасымен талантты жастардың дамуына барынша қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған «Talent Development - Football Ecosystem Analysis» бағдарламасы іске қосылды және жүзеге асырылуда.


Төрешілік және қадағалау:

- ФИФА, УЕФА және ҚФФ аясында өткізілген әр түрлі жарыстарға қызмет көрсетуге қатысатын төрешілер корпусын дайындау және қайта даярлау бойынша тоғыз оқу-жаттығу жиындары болды;

- ФИФА-ның ресми сарапшыларының шақыруымен төрешілер мен инспекторларға арналған екі оқу семинары өткізілді;

- Қазақстан футбол федерациясының Төрешілік-сараптамалық комиссиясының 18 отырысы өткізілді. ҚФФ ақпараттық ресурстары арқылы мамандардың мәлімдемелері беріліп, 169 даулы ойын эпизодтары талданды;

- 2021 жылы төрешілерді жаңа Vokkero радиобайланыс жүйелерінің жиынтығымен қамтамасыз ету жөнініде келісім жасалды;

- ҚФФ аясында ашылған жас төрешілер мектептері он сегіз NoteBook компьютерімен жабдықталды.

 

Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитеті:

ҚФФ Атқару комитетінің тоғыз отырысы өткізіліп, онда елуге жуық турнир ережелері, ойын күнтізбелер, жарыстарды өткізу туралы ережелер, ішкі және халықаралық матчтарды төрелік ету және бақылау, турнир регламентіне өзгерістер енгізу, футбол клубтарын сертификациялау, медициналық хаттамалар енгізу және басқа да бірқатар ұйымдастырушылық құжаттар қаралды.

 

Қаржылық есеп:

Қазақстан футбол федерациясының қаржылық қызметіне аудитті Audit Business Team тәуелсіз аудиторлық компаниясы жүргізді.

Тәуелсіз аудиторлардың пікірі бойынша ҚФФ қаржылық есепбі Халықаралық аудит стандарттарына сәйкес тексерілді. ҚФФ қаржылық жағдайы, есеп беру кезеңіндегі ҚФФ нәтижелері мен ақша ағындары шынайы көрсетілген, сонымен қатар Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес келеді.

 

Қазақстан футбол федерациясы конференциясының хаттамалық шешімі:

«Атқарушы комитет пен ҚФФ президенті Әділбек Жақсыбеков ұсынған баяндамаларға сәйкес және конференция делегаттарының дауыс беру нәтижелері бойынша Қазақстан футбол федерациясының есепті кезеңдегі қызметі қанағаттанарлық деп танылды».

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары