ҚФФ жалпы білім беру мектептерінде спортты дамыту және насихаттау бойынша ең үздік деп танылды

ҚФФ жалпы білім беру мектептерінде спортты дамыту және насихаттау бойынша ең үздік деп танылды

31 желтоқсан, 17:00
ҚФФ жетістігі туралы хабарламаны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығы жариялады.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығы осы бағыттағы жобаларды жүзеге асыратын ұлттық федерация өкілдерімен кездесуі өткізіп, атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарды.

Қазақстан футбол федерациясының Бұқаралық, жасөспірімдер және әйелдер футболы департаментінің директоры Ерлан Жамантаев онлайн-конференция форматында өткен жиынға қатысты.

«Қазақстан футбол федерациясының мектеп оқушыларының спорттық-сауықтыру жобаларына қатысып, тәжірибелерді іске асыру жолында қосқан ерекше үлесін атап өткен жөн. Балалар арасында кеңінен танымал «Футбол сабағы» жобасымен 1000-ға жуық қазақстандық мектеп оқушысы шұғылданады. 4000 мыңнан астам дене шынықтыру мұғалімдері ҚФФ және УЕФА-ның көмегімен мамандандырылған оқудан өтіп, еуропалық «D» санатындағы жаттықтырушысы атанды. Сонымен қатар, қазіргі қиын жағдайға қарамастан жоба жалғасын тапты. ҚФФ білім беру жүйесін жалғастыру үшін қашықтан оқуға арналған бейнематериалдар ұсынды» - деді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының директоры Тастанбек Есентаев.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары