«Қайрат» пен «Ақтөбе» футзалдан Чемпиондар Лигасының келесі кезеңіне шықты

«Қайрат» пен «Ақтөбе» футзалдан Чемпиондар Лигасының келесі кезеңіне шықты

16 қаңтар 2021, 20:45
Еліміздің «Қайрат» пен «Ақтөбе»  командалары құрлық турнирінің 1/8 айналымына жолдама алды.

УЕФА Чемпиондар Лигасындағы қазақстандық командалардың ойыны бүгін өтті. Сырт алаңда өткен кездесулер оң нәтижемен аяқталды.

Қазақстандық әр команда қарсыласының қақпасына бес голдан соғып, жеңіске жетті.

Футзал. УЕФА Чемпиондар Лигасы. 1/16 финал

«ВитЭн» (Орша, Беларусь) – «Қайрат» (Алматы, Қазақстан) - 3:5 (0:3)

Голдар: Перемитин, 27' 20''; Козел, 33' 25''; Гусаков, 35' 39'' - Савио, 0' 11''; Умберто, 15' 24''; Диего, 17' 48''; Оразов, 33' 39''; Дуглас Жуниор, 38' 04''

16.01.2021. «Олимпиец» СК. Могилев. Беларусь

 

Футзал. УЕФА Чемпиондар Лигасы. 1/16 финал

«АЕК» (Афины, Грекия) – «Ақтөбе» (Ақтөбе, Қазақстан) - 2:5 (1:1)

Голдар: Гусис, 17' 41''; Пану (п), 33' 31'' - Дәулетов, 16' 52''; Оливейра, 21' 18''; Клочко, 27' 30''; Көлбаев, 32' 00''; Қарағұлов, 36' 06''

16.01.2021. «Dais Sports Hall». Афины. Грекия

1/8 финалдың ойындары 16-21 ақпан аралығына жоспарланған.

Жеребе тарту рәсімі 21 қаңтарда өтеді.

УЕФА Чемпиондар Лигасының келесі кезеңі де бір ойыннан тұрады.

Ширек финал, жартылай финал, және финал биыл көктемде бір локацияда ұйымдастырылмақ.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары