Қазақстан U19 жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы болып Александр Кузнецов тағайындалды

Қазақстан U19 жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы болып Александр Кузнецов тағайындалды

20 қаңтар 2021, 21:00
Қазақстан футбол федерациясының штаб-пәтерінде 19 жасқа дейінгі еліміздің жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы таныстырылды.

Қазақстандық жасөспірімдерді жаңа іріктеу кезеңінде Александр Кузнецов жаттықтыратын болды.

Ол «Райымбек» және «Сәулет» футбол клубтарында ойнаған болатын.

Александр Кузнецов бапкер қызметінде соңғы рет еліміздің жастар құрамасының жаттықтырушылар штабында болды.

Сонымен қатар, 16, 17 және 19 жасқа дейін Қазақстан жасөспірімдер құрамаларын жаттықтырды.

Бапкер клуб деңгейінде әртүрлі командаларды дайындады.

Олардың арасында Португалияның «Academy Bsports» командасы, алматылық «Еңбек», «Қайрат» және «Цесна» футбол академиялары мен резерв командалары бар.

Бапкердің ең жарқын табыстарының ішінде Қазақстан жасөспірімдер құрамасымен бірге Гранаткин мемориалы халықаралық турнирінің күміс жүлдесі, сонымен қатар Қазақстан Президенті Кубогының екі дүркін иегері, КСРО спорт шебері Антон Шохты еске алуға арналған халықаралық турнир мен УЕФА «Даму» Кубогында топ жарды.

Қазақстан футбол федерациясының бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары