Астанада қазақстандық футболды техникалық дамыту жоспары талқыланды

Астанада қазақстандық футболды техникалық дамыту жоспары талқыланды

15 мамыр 2024, 17:22
Футбол үйінде ҚФФ даму департаментінің басшысы Реймонд Аттевельд қазақстандық элиталық футболды дамыту жоспарын таныстырды.

Іс-шараға бұқаралық, балалар-жасөспірімдер, әйелдер футболы департаменттерінің, сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясының Техникалық орталығының басшылары қатысты.

Талқылау барысында ұлттық ойын стилі, футболды дамыту философиясы, ойын моделі және команданың ДНҚ-сы, дарындылықты анықтау және дамыту сияқты негізгі тақырыптар қозғалды.

ҚФФ даму департаментінің басшысы Реймонд Аттевельд футбол және жаттықтырушылар құрамын дамытуды, балалар футболын, сондай-ақ цифрлық жүйелерді енгізуді қамтитын стратегияны егжей-тегжейлі ұсынды.

Жаттығу процесінде заманауи технологияларды қолдануға және футболшылардың фитнесі мен денсаулығын жақсарту үшін цифрлық футбол экожүйесін құруға ерекше назар аударылды.

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары