Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Өзбекстанмен жолдастық матч өткізеді

Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Өзбекстанмен жолдастық матч өткізеді

16 мамыр 2024, 15:00
17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 8 және 11 маусым күндері Ташкент қаласында Өзбекстан құрамасымен екі жолдастық матч өткізеді.

Екі ойын да Ташкентте өтеді деп жоспарланған. Ал оқу-жаттығу жиыны 4 маусым күні Талғардағы ұлттық құрамалар базасында басталып, 7 маусымда Өзбекстан астанасына жолға шығады.

Қазақстан U-17 құрамасының аға жаттықтырушысы Бауыржан Сағындық ұлттық құрамаға шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады.

Тізімге 25 ойыншы енді:

Қақпашылар: Махмұджан Сұңғатуллин («Жас Қыран»), Мадияр Төлеубек («Ақсу»), Тамерлан Жанабергенов («Астана»)

Қорғаушылар: Руслан Уәлихан, Әлихан Жексенбек (екеуі де – «Астана»), Райымбек Кеңесбеков, Әкежан Қалықұлов (екеуі де – «Қайрат»), Хасен Артурұлы, Маргұлан Амантурлин  (екеуі де – «Ақтөбе»), Артур Алгинов (TSV Meerbusch, Германия), Шыңғыс Қалиев (San Jose, Испания);

Жартылай қорғаушылар: Алиден Мұсайыпов, Евгений Петрик, Абылай Төлеухан, Дастан Сәтбаев, Дәулет Орынбасар, Төре Исмағұлов (бәрі – «Қайрат»), Даниал Назаров («Астана»), Ернар Тойғазы («Ақсу»);

Шабуылшылар: Ербол Құрманахан («Жетісу»), Бикжан Жанаев («Ақтөбе»), Мақсат Абраев, Ален Пак (екеуі де – «Астана»), Исмаил Бекболат, Артур Трубин (бәрі – «Қайрат»).

Бапкерлер штабы: Бауыржан Сағындық – аға жаттықтырушы, Жарқынбек Жоламанов – аға жаттықтырушының көмекшісі, Ербол Мұсабаев – дене даярлығы жаттықтырушысы, Валишер Рашид – қақпашылар жаттықтырушысы, Азамат Серікбаев – видеосарапшы, Нұрсұлтан Болатбеков – дәрігер, Еламан Саурбаев – массажист, Әнуар Жандарбеков – менеджер

Футболдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қатысуымен өтетін матчтар күнтізбесі:

08.06.2024

Өзбекстан U17 – Қазақстан U17

11.06.2024

Өзбекстан U17 – Қазақстан U17

Бөлісу

Жаңалықтар

Жоғары