Қазақстан футбол федерациясы IFCPF ұйымына мүше болуға ниетті

Қазақстан футбол федерациясы церебралді сал ауруына ұшыраған адамдарға арналған халықаралық футбол федерациясына (IFCPF) мүше болуға ниетті. 

Қазақстан футбол федерациясы ерекше мұқтаждықты қажет ететін адамдар үшін 7 х 7 арнайы футбол бағдарламасын әзірледі. 

Футболдың бұл түрін дамыту арқылы Қазақстанда адамның этникалық тегі мен жынысына, діні мен діліне бөлінбей, ынтықтастықты одан әрі нығайтуға және футбол сүйер қауымды біріктіруге үлес қосады. 

Церебралді сал ауруына ұшыраған адамдарға арналған Халықаралық футбол федерациясы 2015 жылдан бастап жұмыс істейді. Бұл ұйымға 47 ел мүше. Олардың ішінде АҚШ, Англия, Түркия, Ирландия және тағы басқа елдердің спорт федерациялары бар.