Қазақстан жастар құрамасы Түркияда оқу-жаттығу жиынын бастады

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы 13-24 ақпан аралығында Түркияның Анталия қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Оқу-жаттығу аясында біздің футболшылар үш жолдастық матч өткізеді. 17 ақпан күні «Оренбург» футбол клубымен ойнайды. 20 ақпан күні «Ростов» футболшыларымен кездеседі. 23 ақпан күні өтетін ойынның қарсыласы кейін анықталады.

Жаттықтырушылар штабы оқу-жаттығу жиынына келесі футболшыларды шақырды:

Қақпашылар: Дмитрий Колбунцов («Алтай»), Сұлтан Бұсырманов («Тобыл»). Тимурбек Закиров («Қызылжар»);

Қорғаушылар: Карам Сұлтанов («Қызылжар»), Әлібек Қасым («Қайрат»), Әділет Кеңесбек («Тараз»), Бекзат Шадманов («Тараз»), Арман Әліпбек («Ордабасы»), Александр Соколенко («Қызылжар»), Сұлтан Әбілғазы («Оқжетпес»), Айбол Әбікен («Қайрат»);

Жартылай қорғаушылар: Самат Шәмші («Ордабасы»), Дәулет Зайнетдинов («Астана»), Бекзат Қабылан («Каспий»), Дидар Жалмұқан («Астана»), Игорь Бойчук («Ақтөбе»), Иван Антипов («Ақжайық»), Максим Гладченко («Қайрат»), Геворг Наджарян («Астана»), Рашид Люхай («Қайрат»);

Шабуылшылар: Владислав Васильев («Шахтер»), Вячеслав Путинцев («Шахтер»), Максим Федин («Оқжетпес»), Юрий Перцух («Ақжайық»), Рифат Нұрмағамбет («Жетісу»);

Жаттықтырушылар штабы: Владимир Никитенко - аға жаттықтырушы, Игорь Свечников - жаттықтырушының көмекшісі, Юрий Коньков - жаттықтырушының көмекшісі, Николай Родионов - қақпашылардың жаттықтырушысы, Александр Корнилов - дәрігер, Александр Шапкин - массаж жасаушы, Тимур Құсайынов - сарапшы, Александр Брейткрейц - менеджер, Максим Шауберт - әкімші.