ҚФФ Бас хатшысы Қаныш Әубәкіров Катарда өткен FIFA саммитіне қатысты

Катар астанасы Дохада «FIFA Executive Football Summit» атты шара өтті.

Екі күнге созылған FIFA саммиті 2017 жылдың 14-15 ақпан күндері өтті. Басқосуда «FIFA 2.0 – Болашақ бағдары» стратегиясы, «Forward» бағдарламасы, футболдан Әлем чемпионатын жаңа форматта өткізу және тағы басқа тақырыптар талқыланды.

Саммит FIFA президенті Джанни Инфантиноның жетекшілігімен өтті. Қатысушылар FIFA аясында ұйымдастырылатын балалар және жасөспірімдер жарыстарын да тақылады. Дохада өткен шараға бірнеше елдің футбол федерацияларының өкілдері жиналды: Әзірбайжан, Босния және Герцеговина, Дания, Ирак, Йемен, Катар, Кипр, Қырғызстан, Литва, Намибия, Нигерия, Ресей, Судан, Сербия, Сирия, Тәжікстан, Танзания, Түркіменстан, Өзбекстан, Уганда, Украина, Швеция және басқалары.

Қазақстаннан саммитке ҚФФ Бас хатшысы Қаныш Әубәкіров қатысты.