19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы «Кубань көктемі» халықаралық турниріне қатысады

9 наурызда 19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы оқу-жаттығу жиынын бастайды.

Жиын 15 наурызда аяқталады. Келесі күні спортшыларымыз Ресейге жол тартады. Халықаралық жарыс Ресейдің Сочи қаласында 17-27 наурыз аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы «А» тобында Иран, Краснодар өлкесі және Словениямен ойнайды.

Оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың тізімі:

Қақпашылар: Юлия Бессонова («Шахтер»), Елизавета Цыплакова (Павлодар), Дана Алмасбай (Астана).

Қорғаушылар: Александра Вербицкая («Шахтер»), Дана Сұлтанбекова (ДЮФШ «Оқжетпес»), Айша Садықова («БИІК»), Анастасия Горбачева (ДЮСШ «Қызылжар»), Құндыз Қожахмет (ОДЮСШ, Ақтөбе).

Жартылай қорғаушылар: Шынар Шарапиденова («Шахтер»), Камила Ақшалова («Шахтер»), Наталья Гисс («Шахтер»), Валентина Садықова (ДЮФШ «Оқжетпес»), Дана Төлегенова (ДЮСШ, Павлодар), Айнұр Қабылбаева («БИІК»), Айдана Жәутікова (ОДЮСШ, Ақтөбе), Екатерина Киселева (ДЮСШ «Қызылжар»), Карина Әділханова (ДЮСШ, Семей), Рано Ақбаева (ОДЮСШ, Ақтөбе), Анастасия Низамутдинова («БИІК»), Зарина Шмидт («Оқжетпес»).

Шабуылшылар: Аида Смағұлова («Астана»), Виктория Попкова («БИІК»).

Жаттықтырушылар штабы: Петр Пак – аға жаттықтырушы, Александра Рудикова –аға жаттықтырушының көмекшісі, Абдула Мерқұлов - қақпашылардың жаттықтырушысы, Гүлнұр Тоқтыбаева - дәрігер, Анастасия Журавлева - менеджер.