Матчтан кейінгі Қазақстан құрамасының бас бапкері Александр Бородюктің пікірі

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Александр Бородюк матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында Армениямен өткен ойынды қорытындылады.

- Сергей Малый алаңнан қуылғанға дейін біздің ойыншылар міндеттерін орындағанын айтқым келеді. Екінші таймда біздің тапсырманы орындап, допты бақылауда ұстай бастады. Менің ойымша футболшының алаңнан қуылуы ойынға әсер етті. Футбол тартыстан тұрады. Әр бапкер оны талап етеді. Екінші сары қағаз берілмеу керек еді деп ойлаймын. Төреші екі команданы тең құрамда ойнауына мүмкіндік беруі тиіс деп санаймын. Бәлкім, сол кезде ойын қызықты болар еді. Футболшыларға қояр кінәм жоқ. Ойын жанкүйерлер үшін қызықты болды. Футболшылардың допқа таласуына мүмкіндік беру керек. Әйтпесе, футболға деген қызығушылық азаяды.