Футзалдан Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріне аккредитация алу үшін ұсынымдар қабылданады

Федерацияның баспасөз қызметі бұқаралық ақпарат құралдарының ұсынымдарын 2017 жылдың 6 сәуіріне дейін қабылдайды.

Құрметті әріптестер!

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі 8-11 сәуір аралығында Алматыда өтетін футзалдан Еуропа Чемпионатының негізгі іріктеу турниріне аккредитация алу үшін ұсынымдарды қабылдауды бастайды.

F тобында финалдық кезеңге берілетін жолдама үшін Чехия, Дания, Македония және Қазақстан құрамалары таласады. Ойындар "Алматы Арена" спорт кешенінде өтеді.

Федерацияның баспасөз қызметі бұқаралық ақпарат құралдарының ұсынымдарын 2017 жылдың 6 сәуіріне дейін қабылдайды.

Аккредитация алу үшін журналистің аты-жөні, жеке куәлігі мен байланыс нөмірі жазылған, бұқаралық ақпарат құралы жетекшісінің қолы мен мөрі қойылған ұсынымды (ресми бланк) баспасөз қызметінің электронды поштасына - press@kff.kz жіберу керек.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін және көрсетілген мерзімнен кейін жіберілген өтініштер қабылданбайды.

Аккредитациялық бейджиктер матч алдындағы баспасөз мәслихатында беріледі.

Анықтама телефоны: +7 (7172) 790-780 (121)

                                                        +7 701 500-11-34