Азат Нұрғалиев: «Ойыншы алаңнан қуылғаннан кейін құрама еңсесін түсірмеді»

Қазақстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Азат Нұрғалиев Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне Әлем біріншілігінің іріктеу турнирі аясында Армениямен өткен ойынды қорытындылады.

- Ойын біз үшін жақсы басталды. Команды ойын барысын қадағалай білді. Футболшылар өздерін аямай ойында жеңіс үшін  барын салды. Ойыншымыз алаңнан қуылды. Оған қарамастан ойынды жалғастырдық, әрине қиынға соқты. Ойынның қорытындысына әсер еткен қорғау шебінде қателерге жол бердік. Бастапқыда бір гол, одан кейін екінші голды жіберіп алдық. Жанкүйер алдында команда атынан кешірім сұраймын. Келесі ойындарда ұлттық құрама жеңіске жету үшін бар күшін салады.