Футзалдан Қазақстан құрамасы алғашқы ойында Македонияны жеңді

Алматыда басталған 2018 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы бірінші ойында Македония құрамасын 3:0 есебімен ұтты.

Қазақстан құрамасының ойыншылары Лео, Серік Жаманқұлов және Альберт Ақбалықов гол соқты.

Еуропа Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі F тобының ойындары 11 сәуір күні аяқталады.