Футзалдан Қазақстан құрамасы Еуропа Чемпионатының финалдық кезеңіне шықты

Алматы қаласында өткен іріктеу турнирінің үшінші ойынында Қазақстан құрамасы Чехия құрамасын ірі есеппен ұтты.

Матч 3:0 есебімен аяқталды. Бас бапкер Алесио шәкірттері кездесудің үшінші минутында есеп ашты. Гол авторы - Дуглас. Бірінші таймның соңына қарай Михаил Першин есепті еселей түсті. Кездесудің 38-минутында Дуглас екінші голын соғып, есепті қорытындылады.

Осы нәтиженің арқасында Қазақстан құрамасы 9 ұпай иеленіп, өз тобынан бірінші орынмен екінші рет Еуропа Чемпионатының финалдық кезеңіне шықты.

Еуро-2018 чемпионатының финалдық кезеңі 2018 жылдың 30 қаңтары мен 10 ақпаны аралығында Словенияда өтеді. Финалдық кезеңге 12 құрама қатысады.