Қазақстан - Дания матчы Алматыда өтеді

Ойын 10 маусым күні 23 804 жанкүйер сыятын Орталық стадионда болады.

Футболдан 2018 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан мен Дания құрамаларындағы матч Алматыда өтеді.

Бұл кездесу Қазақстан Ұлттық құрамасының Әлем Чемпионатының іріктеу кезеңіндегі өз алаңында өткізетін үшінші матч болмақ. «Астана Арена» стадионында Польша мен Румыния құрамаларына алғашқы екі ойын тең аяқталған еді.

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы осы ойынды тікелей эфирде көрсетеді. Матч Астана уақытымен 22:00-де басталады.