Таразда Сейітжан Байшақовты еске алуға арналған турнир өтті

Турнирге 2002 жылғы жасөспірімдерден құралған 8 команда қатысты.

5-10 мамыр аралығында Тараз қаласындағы «Ұлан» стадионында КСРО спорт шебері Сейітжан Байшақовты еске алуға арналған футбол турнирі өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша Тараз қаласының «Ұлан» командасы жеңімпаз атанды. Олар финалда Шымкент қаласынан келген СДЮСШОР №7 командасынан басым түсті.

Марапаттау рәсіміне Қазақстан футбол федерациясының президенті Сейілда Байшақов пен Жамбыл облысының футбол ардагерлері қатысты.