Қазақстан қыздар құрамасы (U19) Қырғызстанмен кездесті

Жолдастық матч УЕФА Даму Кубогына дайындық аясында өтті.

19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы Қырғызстан құрамасымен жолдастық матч өткізді. Тараз қаласындағы Орталық стадионда өткен ойын 2:1 есебімен қарсыластардың пайдасына аяқталды. Біздің құрамадан жалғыз голды Анастасия Низамутдинова соқты.

Қазақстан U19 - Қырғызстан U19 - 1:2 (1:1)

Голдар: Низамутдинова 45 - Токтоболатова 27, Ырыспек 60.

Қазақстан: Елисеева (Алмасбай 46), Жақсымбай, Қожахмет, Иванюк (Орынбасарова 35, Жәутікова 57), Волкова, Низамутдинова, Попкова, Садықова (Машинская 75, Сатығалиева 83), Әмірбек, Аруова, Смағұлова (Ақшалова 86).

10 мамыр 2017 жыл. Тараз. Орталық стадион.