Тимур Сегізбаевтың жүлдесіне арналған халықаралық турнир өтті

10-12 мамыр аралығында Алматыда қазақ футболының аты аңызға айналған футболшысы Тимур Сегізбаевтың жүлдесіне арналған футболдан ардагерлер арасында дәстүрлі халықаралық турнир өтті.

Жарысқа 8 команда қатысты. Олар: «Алматы» (Алматы), «Шымкент» (Шымкент), «Алға» (Бішкек), «Томь» (Томск), «СТС» (Алматы), «Верный» (Алматы), «Сырдария» (Қызылорда), «Жетісу» (Талдықорған).

Финалда «Алматы» мен «Шымкент» командалары кездесіп, алматылық ардагерлер жеңіске жетті. Ал, үшінші орын «Алға» командасына бұйырды.

Марапаттау рәсіміне Қазақстан футбол федерациясының президенті Сейілда Байшақов пен «Қайрат» футбол клубының ардагерлері қатысты.