Ертең Шымкентте УЕФА Даму Кубогы басталады

17 - 20 мамыр аралығында Шымкент қаласында футболдан 19 жасқа дейінгі қыздар арасында УЕФА Даму Кубогы өтеді.

Бүгін Қазақстан құрамасы жарыс алдында жаттығу жасады. Аға жаттықтырушы Петр Пак шәкірттерінің алғашқы қарсыласы Грузия құрамасы болмақ.

Жаттықтырушылар штабының халықаралық турнирге шақырған ойыншылардың тізімі мынадай:

Қақпашылар: Назерке Әбілхасенова, Ангелина Портнова;

Қорғаушылар: Фатима Сатығалиева, Әсем Жақсымбай, Құндыз Қожахмет, Әсем Аруова, Ольга Волкова, Айнұр Қабылбаева;

Жартылай қорғаушылар: Айдана Жәутікова, Рано Ақбаева, Арай Орынбасарова, Мәдина Әмірбек, Надежда Иванюк, Камила Ақшалова;

Шабуылшылар: Аида Смағұлова, Айша Садықова, Виктория Попкова, Анастасия Низамутдинова.

Жаттықтырушылар штабы: Петр Пак - аға жаттықтырушы, Александра Рудикова - аға жаттықтырушының көмекшісі, Абдулла Меркулов - қақпашылардың жаттықтырушысы, Берік Дүзелбаев - әкімші, Гүлнәр Тұқтыбаева - дәрігер, Анастасия Журавлева - менеджер.

УЕФА Даму Кубогының ойын кестесі:

17 мамыр, сәрсенбі

10.00 – Әзірбайжан – Украина                                                                        

12.00 – Қазақстан – Грузия

18 мамыр, бейсенбі

15.00 – Украина – Грузия

17.00 – Қазақстан – Әзірбайжан                                                            

20 мамыр, сенбі

10.00 – Грузия – Әзірбайжан

12.00 – Қазақстан - Украина