Қазақстан - Дания: Билеттер онлайн сатылымға шықты

Матч 10 маусым күні Астана қаласының Орталық стадионында өтеді. 

Қазақстан футбол федерациясы футболдан 2018 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан мен Дания құрамалары арасындағы ойынның билеттері онлайн-сатылымға шыққанын хабарлайды. 

Билеттерді www.ticketon.kz, zakazbiletov.kz және www.kff.kz сайттарынан сатып алуға болады. 

25 мамыр күні билеттер Алматы қаласындағы Орталық стадионның кассаларына түседі. 

Стадионға келіп, Қазақстан құрамасына қолдау көрсет!