Қазақстан U19 қыздар құрамасы Грузияны ұтты

Шымкент қаласында басталған УЕФА Даму Кубогында 19 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы алғашқы ойында Грузия құрамасымен кездесті.

Бірінші таймда Мәдина Әмірбек пен Анастасия Низамутдинова соққан голдардан кейін Қазақстан құрамасы 2:0 есебімен алға шықты.

Екінші таймда Грузия футболшылары екі гол соғып, таразы басын теңестірді. Матч соңындағы пенальтиде Қазақстан құрамасы 5:4 есебімен жеңіске жетті. Жеңіс голын Аида Смағұлова соқты. Қазақстан құрамасының қақпашысы Ангелина Портнова пенальтиден екі соққы қайтарғанын атап өткен жөн.

Қазақстан – Грузия 2:2 (2:0)

Голдар: Әмірбек 13, Низамутдинова 33 – Тчурчулашвили 73, Каландадзе 90.

Қазақстан: Жақсымбай, Қожахмет, Орынбасарова (Ақбаева 55), Портнова, Аруова (Қабылбаева 86), Әмірбек, Садықова (Сатығалиева 86), Попкова, Низамутдинова, Волкова (Жәутікова 67), Иванюк (Смағұлова 67).

Грузия: Габуния, Каландадзе, Хабурзания, Накветаури (Хандазиани  46), Кирвалидзе  (Епиташвили 37), Чхартишвили, Димопоулоу (Сагарадзе 45 ), Минадзе, Тчурчулашвили, Джоджуа (Антадзе 54), Нарсия (Жаникашвили 54).

Төрешілер: Нұрмұстафина, Алистратова, Борисенко.

17 мамыр.  Шымкент қаласы, «Намыс» стадионы.