Футзалдан Қазақстан қыздар құрамасы алғашқы ресми ойынын Италиямен өткізді

Италияның Кампобассо қаласында футзалдан 17 жасқа дейінгі қыздар арасында «УЕФА Даму Кубогы» басталды.

Футзалдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан құрамасы алғашқы ресми ойынын УЕФА Даму Кубогында Италия құрамасымен өткізді. Матч 5:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. Қазақстан құрамасынан жалғыз голды ойынның 28-минутында Аида Смағұлова соқты.

Қазақстан U17 - Италия U17 - 1:5 (0:1)

Голдар:  Смағұлова 28 - Эррико 16, Ли Носе 22, Нассо 26, Руффини 34, Чеккобелли 34.

Қазақстан U17: Алмасбай, Портнова - Байсуфинова, Аруова, Хамзе, Н.Шалмұқанбетова, Низамутдинова (к), Смағұлова, А. Шалмұқанбетова, Шамсудинова, Бурова, Михаилова.

Италия U17: Люци - Скарцелла, Бергамотта, Бово, Чеккобелли, Эррико, Ли Носе, Молон, Нассо, Руффини, Скомения (к), Вианале.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы келесі ойынын 23 маусым күні Ресеймен өткізеді. Ал, 25 маусым күні Румыниямен кездеседі.

Фото: Zimbio.com