Қазақстан U17 құрамасы Испанияда бес жолдастық матч өткізеді

17 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 23 маусым мен 5 шілде аралығында Испанияда бес жолдастық матч өткізеді.

Оқу-жаттығу аясында аға жаттықтырушы Карлош Ферер шәкірттері Испанияның бес командасымен жолдастық матч өткізеді.

Жолдастық кездесулердің күнтізбесі:

23 маусым

U17 - Химнастик U17 (Таррагона)

28 маусым

Қазақстан U17 – Каталония U17

30 маусым

Қазақстан U17 - Валенсия U17

2 шілде

Қазақстан U17 - Андорра U17

4 шілде

Қазақстан U17 - Вильярреал U17

Оқу-жаттығу жиынына шақырылған футболшылардың тізімі:

Қақпашылар: Сергей Кляхин, Дулат Батырханов;

Қорғаушылар: Жалғас Жақсылық, Рауан Аманжол, Әділжан Дүйсембаев, Нұрсейіт Асылбек, Руслан Джарлаев, Данияр Үсенов, Илья Демин;

Жартылай қорғаушылар: Ұлықбек Қайтмуратов, Әлішер Ажимов, Фёдор Неумывакин, Хамит Шәміл, Шадман Бакиров;

Шабуылшылар: Вячеслав Швырёв, Алияр Мұхамед, Станислав Басманов, Даниял Закария, Дмитрий Савченко.