ФИФА рейтингі: Қазақстан әйелдер құрамасы 66-орында

Халықаралық футбол қауымдастығы маусым айының рейтингісін жариялады. Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасы рейтингте төрт сатыға төмендеп, 66-орынға орналасты.

Қазақстан құрамасы жыл басынан бері үш ойын өткізген болатын. 2019 жылғы Әлем Чемпионатының алғашқы іріктеу кезеңінде біздің футболшылар Грузия (1:0) және Эстония (1:0) құрамаларын ұтып, Латвиямен (2:2) есебімен тең түскен еді.

Рейтинг көшін АҚШ құрамасы бастап тұр. Екінші орында Германия келеді. Ал, үздік үштікті Франция қыздары түйіндеді.

ФИФА рейтингі енді 1 қыркүйекте жаңартылады.

ФИФА рейтингі. 23 маусым, 2017 жыл:

1 (2). США - 2118 ұпай,

2 (1). Германия - 2111,

3 (3). Франция - 2072,

4 (5). Канада - 2027,

5 (4). Англия - 2024,

6 (6). Япония - 1981,

7 (8). Австралия - 1976,

8 (9). Бразилия - 1971,

9 (6). Швеция - 1956,

10 (10). КХДР – 1949…

...

25 (25). Ресей – 1738,

35(35). Уэльс – 1612,

63 (58). Босния және Герцеговина – 136,

66 (62). Қазақстан - 1362.