Қазақстан мен Черногория ұлттық құрамалары арасындағы матч Астанада өтеді

Ойын 1 қыркүйек күні «Астана Арена» стадионында 22:00-де басталады.

Футболдан 2018 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу турниріндегі Қазақстан мен Черногория ұлттық құрамалары арасындағы матч 1 қыркүейк күні «Астана Арена» стадионында өтеді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы іріктеу кезеңінде Польша (2:2) және Румыния (0:0) құрамаларын елордада қабылдады. Ал, Дания құрамасымен (1:3) ойын Алматының Орталық стадионында өткен еді.

Матчты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Ойын Астана уақытымен 22:00-де басталады.