Қазақстан - Черногория матчының билеттері сатылымға шықты

Қазақстан футбол федерациясы футболдан 2018 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу турнирінің аясында Астана қаласында өтетін Қазақстан мен Черногория ұлттық құрамалары арасындағы матчтың билеттері сатылымға шыққанын хабарлайды.

Билеттерді елордадағы келесі сауда нүктелерінен сатып алуға болады:

Қорғалжын тасжолы, 1; «Керуен Сити» ойын-сауық орталығы, 2-қабат, «Меломан» дүкені;

Достық даңғылы, 9; «Керуен» ойын-сауық орталығы, 1-қабат, Marwin дүкені; 1-қабат, «Астана билеттері» кассасы;

Тұран даңғылы, 37; «Хан Шатыр» ойын-сауық орталығы, астыңғы қабат, Marwin дүкені;

Тұран даңғылы, 24; «Сарыарқа» ойын-сауық орталығы, 2-қабат, Marwin дүкені;

Республика даңғылы, 17/1; «Меломан» дүкені;

Республика даңғылы, 45; «Мечта» сауда орталығы, «Астана билеттері» кассасы;

Жеңіс даңғылы, 34; «Астана билеттері» кассасы;

Сонымен қатар, билеттерді  www.ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.

Билеттер 15 тамыздан бастап «Астана Арена» стадионының кассаларында сатылады.

Айта кетейік, 21 шілдеге дейін онлайн режимде сатылатын билеттерді 20 пайыздық жеңілдікпен алуға болады, ал 22 шілдеден бастап 15 тамызға дейін сатылатын онлайн-билеттерді 10 пайыздық жеңілдікпен алуға болады.

Біздің құрамаға қолдау көрсет!