Қазақстан – Черногория матчына билет алып, УЕФА Суперкубогына жолдама ұтып ал

Қазақстан футбол федерациясы отандық футбол жанкүйерлері арасында сегізінші тамыз күні Македонияның Скопье қаласында өтетін УЕФА Суперкубогы-2017 бәсекесіне жолдама ойнатуда.

2018 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу аясындағы Қазақстан – Черногория матчына билет сатып алған жанкүйердің испаниялық «Реал Мадрид» пен англиялық «Манчестер Юнайтед» клубтары арасында УЕФА Суперкубогы үшін өтетін ойынға баруға мүмкіндігі бар.

Конкурс 24 шілдеге дейін жалғасады. Жеңімпаздардың есімі 25 шілде күні анықталатын болады.

Айта кетейік, Қазақстан – Черногория матчы 1 қыркүйек күні «Астана Арена» стадионында өтеді. Матчтың басталу уақыты – 22:00.

Сондай-ақ, Қазақстан – Черногория матчына патриоттық видеоматериал дайындап, бағалы сыйлықтың иегері атанасыз. Ұлттық құраманы қолдау мақсатында дайындалған патриоттық видеоматериалыңызды #казахстанчерногория2017 хештегі арқылы әлеуметтік желілерге жарялап, Қазақстан футбол федерациясы тарапынан ұсынылған бағалы сыйлықтарға ие болыңыз.