Алматыда төрешілер мен инспекторларға арналған семинар өтеді

14-16 тамыз аралығында Алматыда Премьер-Лиганың бас төрешілері мен қосалқы төрешілері, Премьер-Лига, Бірінші Лига және Екінші Лига инспекторларының қатысуымен семинар өтеді.

14-16 тамыз аралығында Алматыда Премьер-Лиганың бас төрешілері мен қосалқы төрешілері. Премьер-Лига, Бірінші Лига және Екінші Лига инспекторларының қатысуымен семинар өтеді.

Семинарда Премьер-Лига, Бірінші Лига және Екінші Лиганың алғашқы бөлігі қорытындыланады. Сонымен қатар, өткен ойындардың ең қиын әрі даулы сәттерінде төрешілердің қабылдаған шешімдеріне талдау жүргізіледі.

Төрешілер мен инспекторлар 9-11 тамызда Швейцарияның Ньон қаласында УЕФА-ның үздік төрешілерінің қатысуымен өтетін семинарда көрсетілетін әдістемелік материалдардың жаңа нұсқасымен танысады.

Инспекторлар Ойын ережесі бойынша емтихан тапсырады. Сонымен қатар, Чемпиондар Лигасы немесе Еуропа Лигасының ойындарына баянат (рапорт) жазады. Ал, төрешілер дене даярлығы бойынша «Йо-йо» сынағынан өтпек.