2018 жылы өтетін жарыстардың ережелері талқыланды

Бүгін Қазақстан футбол федерациясының кеңсесінде 2018 жылы өтетін бұқаралық, студенттік және балалар-жасөспірімдер футболы бойынша жарыстарды ұйымдастыру мәселелеріне қатысты жиын өтті.

Жиынға Қазақстан футбол федерациясының президенті Сейілда Байшақов пен ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық ғылыми-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының бас директоры Садық Мұстафаев қатысты.

2018 жылы өтетін Республикалық «Студенттік Лига», «Былғары доп» деп аталатын республикалық мектеп лигасы, «Теңбіл доп» деп аталатын қыздар арасында республикалық лиганың жарыстарын ұйымдастыру ережелері талқыланды.

ҚР Білім және ғылым министрлігі жарыс ережелерін бекіткеннен кейін барлық құжаттар облыс орталықтары мен Астана, Алматы қалаларының құзырлы білім беру мекемелеріне беріледі.