Еурокубок ойынын алғаш рет қазақстандық инспектор қадағалайды

Бүгін Ресей астанасы Мәскеуде Чемпиондар Лигасының үшінші іріктеу кезеңіндегі ресейлік ЦСКА мен грекиялық АЕК командалары арасында қарымта кездесу өтеді.

Бұл ойынды қазақстандық инспектор Павел Салий қадағалайтын болады. Айта кетейік, Қазақстан өкілдері алғаш рет еурокубок ойынында қызмет атқармақ.

Матч «Арена ЦСКА» стадионында Астана уақытымен 23:00-де басталады.