Қазақстан жастар құрамасы «Қайрат А» командасымен тең ойнады

Матч 3:3 есебімен аяқталды.

Талғардағы құрама командалардың базасында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қазақстан жастар құрамасы негізгі құрамның бірнеше ойыншысымен жасақталған «Қайрат А» командасымен жолдастық кездесу өткізді. 

Ойын 3:3 есебімен аяқталды. Владимир Никитенко командасында Айбол Әбікен, Дидар Жалмұқан және Рашид Люхай (пенальти) мергендік танытты, ал «Қайрат А» командасында Бауыржан Тұрысбек, Артур Шушеначев және Магомед Парагульгов көзге түсті. 

Фото: «Қайрат» ФК баспасөз қызметі