Қазақстан U19 құрамасы Словения және Польшамен жолдастық матч өткізеді

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 29 және 31 қыркүйек күндері Словения футболшыларымен екі рет жолдастық матч өткізеді. Ал, 4 қыркүйек күні Польша жасөспірімдер құрамасымен жолығады.

Қазіргі уақытта аға жаттықтырушы Александр Кузнецов шәкірттері Талғарда ұлттық құраманың базасында осы ойындарға дайындалып жатыр.

Жаттықтықтырушылар құрамы оқу-жаттығу жиынына келесі футболшыларды шақырды:

Қақпашылар: Мұхаммеджан Сейсен («Тараз»), Данил Устименко («Астана»), Владислав Сазонов («Иртыш»).

Қорғаушылар: Айбар Нұрдалиев («Қайрат»), Дінмұхаммед Қашкен («Астана»), Талғат Кусяпов («Астана»), Сағи Совет («Астана»), Ерасыл Аманжол («Атырау»), Санжар Батырханов («Жетісу»), Сағадат Тұрсынбай (Ордабасы»), Әліби Тұзақбаев («Рузаевка»).

Жартылай қорғаушылар: Денис Красноперов («Ертіс»), Дарын Сүйінов («Қайрат), Мәди Жақыпбаев («Астана»), Сұлтан Сағынаев («Астана»), Жасұлан Қайыркенов («Астана»), Гаврил Кан («Тараз), Мұхит Жақсылық («Ордабасы»), Айдос Орал («Шахтер»), Жан-Әлі Пайруз («Шахтер»), Руслан Тұтқышев («Шахтер»), Максим Ваганов («Ордабасы»).

Шабуылшылар: Сұлтанбек Астанов («Қайрат»), Владислав Прокопенко («Астана»), Лев Скворцов («Астана»), Еркебұлан Сейдахмет («Тараз»).