«БИІК-Қазығұрт» футболшылары Чемпиондар Лигасының 1/16 финалына өтті

«БИІК-Қазығұрт» командасы  әйелдер арасындағыЧемпиондар Лигасының 1/16 финалына жолдама алды. Сегізінші іріктеу тобының үшінші ойынында қазақстандық ұжым Венгрияның МТК командасын 3:0 есебімен ойсырата ұтты. 

Кездесудің 33 минутында Чинвенду Ихезуо есеп ашты. Үзілістен кейін Гүлнара Габелия есеп айырмасын ұлғайтты. Ал, үшінші допты Венгрия футболшылары өз қақпасына соғып алды. 

Іріктеу тобындағы алғашқы екі ойында Калоян Петков шәкірттері Португалияның «Спортинг» (2:1) және Косовоның «Хайвалия» (1:0) командаларын ұтқан еді.