Қазақстан ұлттық құрамасы Польшаға жетті

Бүгін Қазақстан ұлттық құрамасы Астанадан Варшаваға бет алған болатын.

Атап кетсек, 5 қыркүйек күні Польшаның астанасында 2018 жылғы Әлем Чемпионатына іріктеу турнирі аясындағы кезекті ойын өтеді.

Футболшыларымыз Фредерик Шопен атындағы халықаралық стадионға жергілікті уақытпен 14:00 жетіп, Варшаваның бір мейманханасында орналасты. 

Ертең матч алдындағы жаттығу мен бас бапкер Александр Бородюктың қатысуымен пресс-конференция өтеді.

Польшаға қарсы ойын 4-ші қыркүйектен 5-ші қыркүйекке қараған түні өтеді. Матчты тікелей эфирде Qazsport телеарнасынан көре аласыздар. Басталуы Астана уақытымен 00:45.