Айбол Әбікен: Команда бүгінгі ойынға тас-түйін дайын

Қазақстан жастар құрамасының орталық қорғаушысы Айбол Әбікен Франциямен өтетін ойын алдында Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне сұхбат берді:

-  Айбол, көңіл-күй қалай? Ойынға дайынсыңдар ма?

Көңіл-күй жақсы, команда бүгінгі ойынға тас-түйін дайын. Әрине, бүгін бізді қиын ойын күтіп тұр. Соған қарамастан жасыл алаңда бар күшімізді саламыз. Ле-Ман қаласындағы стадионда алғашқы жаттығуды өткіздік. Жасыл алаң мен стадион ұнады.

- Қарсылас туралы не айтасың?

- Франция - мықты ұжым. Футболшылары Еуропаның үздік клубтарында ойнайды. Дегенмен, ойын көрсетеді. Біздің топта осал қарсылас жоқ. Екі ойын өткіздік. Екі ойында да ел үшін, намыс үшін, жанкүйерлер үшін алаңға шықтық. Черногориямен өткен ойында екі ұпай жоғалттық деп санаймын. Өзіміздің мүмкіндіктерімізді соқпадық. Сол ойында болған қателіктерді бүгінгі кездесуде жібермеуге тырысамыз. 

Айта кетейік, 2019 жылғы Еуропа Чемпионатының іріктеу турниріндегі Франция мен Қазақстан жастар құрамалары арасындағы матч бүгін, 5 қыркүйек күні Астана уақытымен 22:30-да басталады.