Президент Кубогы - 2017. Қазақстанның екінші құрамасы Қырғызстаннан басым түсті

Талғардағы құрама командалардың базасында ҚР Президент Кубогының жетінші орыны үшін ойын өтті. 

Қазақстан жасөспірімдер құрамасының екінші құрамы Қырғызстанмен кездесті. Байжан Меделхан мен Федор Неумывакин соққан голдардан кейін қазақстандық футболшылар 2:1 есебімен жеңіске жетіп, жетінші орынды иеленді.