Президент Кубогы - 2017. Қазақстан құрамасы үшінші орын үшін таласта Өзбекстанға жол берді

Футболдан Қазақстан Республикасы Президент Кубогының үшінші орын үшін өткен ойында 17 жасқа дейінгі Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары кездесті. 

Алғашқы он минутта Өзбекстан құрамасы жылдам екі гол соғып, алға шықты. Араға он минут салып көршілес елдің командасы есеп айырмасын тағы да ұлғайтты. 

Игорь Свечников жаттықтыратын Қазақстан құрамасы Даниял Закария соққан голдан кейін ойынға қайта оралғандай еді. Алайда, екі минуттан соң Өзбекстан құрамасы есеп айырмасын 4:1-ге ұлғайтты. Бұл нәтиже ойын соңына дейін өзгерген жоқ. 

Өзбекстан құрамасы Қазақстан Республикасы Президент Кубогында үшінші орын иеленді.