Ресей жасөспірімдер құрамасы - ҚР Президенті Кубогының жеңімпазы

Финалдық ойында ресейлік футболшылар пенальти сериясында Грузия құрамасынан басым түсті. 

Ойынның негізгі уақыты 1:1 есебімен тең аяқталған еді. Грузия футболшылары ойынның екінші минутында есеп ашты. Гол авторы - Квича Квартцхелия. 

Ал, Ресей футболшылары бірінші таймның ортасына қарай таразы басын теңестірді. Есепті теңестірген Илья Воротников болатын. 

Кездесу соңына дейін таблодағы көрсеткіш өзгерген жоқ. Матч соңындағы пенальти сериясында Ресей жасөспірімдер құрамасының мерейі үстем болды. Грузия құрамасы екінші, Өзбекстан футболшылар үшінші орынды иемденді. Қазақстан құрамасы төртінші орыннан көрінді.